Обложка трека Ақмоншағым — Madina Sadvakasova
3:03

Madina Sadvakasova Ақмоншағым

Сингл · 2026

Скачать

Текст песни

Өмірдің гүлі,
Көңілдің нұры,
Қыз бала үйдің қонағы.
Жақұтын тақса,
Бақытын тапса,
Еліне кетіп қалады.
Аңсағаным деп,
Жан самалым деп,
Жүргенде қызы қасында.
Мәпелеп қана,
Әке мен ана,
Теңейді барлық асылға.
Қайырмасы:
Бал- бұл жанғаным,
Інжу маржаным,
Қызысың елдің аяулы.
Ақмоншағым- ай,
Тапқан бағың- ай,
Болсыншы мәңгі баянды.
Жылама күнім,
Жылатпа күнім,
Ақпасын көздің жасы да
Тербейтін жанды,
Сенбейтін әлгі,
Қимастық деген осы ма?!
Өскенің гүлім,
Қош дедің бүгін,
Ата- анаң іштей мұңайды.
Күндерде мәнді,
Мұң көрме мәңгі,
Шаттығың болсын шырайлы.

0:00 0:00