Текст песни
Кеше бізге ай сүйсініп, күн күлген,
Бүгін бұлттар жылайтынын кім білген.
Сенсіз жанын күз жаулаған қайыңмын,
Жапырағы түсіп жатқан бір- бірден.
Сенсіз жерде жылуы жоқ күнмін мен,
Айы ғайып, жұлдызы жоқ түнмін мен,
Сенсіз жерде сыңары жоқ аққумын,
Сенсіз жерде, жұпары жоқ гүлмін мен,
Жібек болсам, сен сыңарым Төлеген,
Мәжнүнім сен, махаббатқа бөлеген.
Баяның боп мына бес күн өмірде,
Қозым сенің сезіміңе кенелем.
Қабағыма сенсіз жерде қар қонған,
Сен жоқ жерде қиын маған бар болған.
Күн мен айдың бұйырмасын тағдыры,
Бірін бірі бір көруге зар болған.