Обложка трека Тәй-тәй — Madina Sadvakasova
2:57

Madina Sadvakasova Тәй-тәй

Сингл · 2026

Скачать

Текст песни

Тұсауыңды кестірейін,
Жақсы жанға ырымдап.
Ала жіпті естірейін,
Ақ әжеңе құлыншақ
Айналайын бал бөбегім,
Алға қарай талпын сен.
Алдыңа әппақ жол төседім,
Ата дәстүр салтымен.
Тәй- тәй алға
Баса ғой қадам
Тәй- тәй
Жүре ғой құлыным.
Тәй- тәй талма
Өсе ғой балам,
Әй-әй тұнығым
Балдай тәтті тілің балам,
Құтты болсын қадамың.
Күлімдесін күнім саған,
Таудай болсын талабың.
Еркелейсің еңбектейсің,
Тұр орныңнан тұр енді.
Арман шыңға сен жеткейсің,
Жүр құлыным жүр енді.

0:00 0:00