Текст песни
Көңілімнің күйісің
Өмірімнің сыйысың.
Ешбір гүлге ұқсамас
Далиядай иісің.
Ерекшесің не деймін,
Махаббатқа бөлеймін.
Анау- мынау гүл емес
Далияға теңеймін
Дали, Дали, Далия
Деші маған сен иә
Саған деген сезімім
Жайық пен Сырдария
Дали, Дали, Далия,
Киімің Италия.
Сендей гүлді мен үшін
Өсірген қай жанұя?!
Үндемеші, сөйлеме
Қарайыншы бейнеңе
Құшақташы иісің
Сіңіп қалсын жейдеме.
Сүйіп қалдым не керек?!
Сенсің гүлім керемет.
Бағбаныңдай болайын
Қондырмайтын көбелек.