Обложка трека Сүйкімді перизатым — Жәдігер Нұрабеков
3:21

Жәдігер Нұрабеков Сүйкімді перизатым

Сингл · 2022

Скачать

Текст песни

Арналса саған ән жырым
Шуағын төгер таң нұрын
Өзіңді жаным берді ғой
Сый қылып маған тағдырым

Сезімнің білген мән жайын
Жаныңа қаяу салмайтын
Өзіңдей асыл байлықты
Бағалап өтем әрдайым.

Қайырмасы.
Қиылған қиғаш қасың шын
Көңілің гүлдей ашылсын
Басқаның емес сен менің
Сүйкімді перизатымсың

Қонады басқа бақ талай
Арыңды жүрсең сақтап ай
Қылығы қырсық болса да
Мінезі жұмсақ мақтадай

Ұйқымды менің ұрласаң
Әнімді сүйіп тыңдасаң
Сүйкімді перизатым ау
Қырсықтау мінез қызға тән.

0:00 0:00