Текст песни
Ұядан қанаттанып, қанат қағып барасың
Көз жасын тыя алмай тұр, қия алмай тұр анашың
Жат жерге кім қияды баласын
Жұлғандай жүрегінің, жүрегінің парасын
Ақ құсым ұшасың қияңа
Қонасың мәңгілік ұяңа
Өзге үйдің шырағын жағасың
Орамал тағасың!
Сол үйден бағыңды табасың
Бақытты боласың!
Жаныңды мұң шалмасын,кір шалмасын ақ гүлім
Басыңнан бақ таймасын, шайқалмасын шаттығың
Жарыңмен жұмағыңды тап гүлім
Естіліп сәбилердің, сәбилердің тәтті үні