Текст песни
Алыстадым өскен сайын жасым да
Сізді қатты сағындым ғой расында
Жүрегіңде адал, таза махаббат
Бар жылулық ана сенің қасыңда
Анашым жүрегімнің жарығы
Қиын сәтте жанымнан табылдың
Жаратушы, мейірімді Құдайым
Анашымның амандығын сұрайын
Қиын сәттер әлі-ақ, өтед күлесің
Меніменен сен мақтанып жүресің
Мен өнердің жолындамын білесіз
Жеңемін мен болыңызшы тілекшім
Анашым жүрегімнің жарығы
Қиын сәтте жанымнан табылдың
Жаратушы, мейірімді Құдайым
Анашымның амандығын сұрайын