Обложка трека Бөкей Орда — Тұңғиық Садиқ
4:11

Тұңғиық Садиқ Бөкей Орда

Сингл · 2022

Скачать

Текст песни

Бөкей Орданың тумасы,
Батырлар тұрған ордасы,
Қан тері ізі бабамның ,
Сертке адал әрбір жолдасы.
Жерлестер бәрі қолдасын,
Нарынды мақтап қорғасын.
Қас қабақ қату мінез бар,
Тарихи жерде тұрғасын.
Қайырмасы
Туған жер ыстық бәріңе,
Қосыла шырқа әніме.
Тарихыңда мін жоқ,
Болашағың жыр боп,
Танылсын барлық әлемге.
Танылған күйменен сазы,
Дина,Науша,Құрманғазы.
Сайратқан Орда бұлбұлын,
Жайнатқан қазақ ұлы үнін.
Батыр бар достықпен мәлім,
Махамбет Исатайларым ,
Өсірген осындай тұлға,
Әрине бұл Бөкей Орда.
Туған жер ыстық бәріңе,
Қосыла шырқа әніме.
Тарихыңда мін жоқ,
Болашағың жыр боп,
Танылсын барлық әлемге.

0:00 0:00