Обложка трека Арман, арман — Aruzhan Yessenali
2:48

Aruzhan Yessenali Арман, арман

Сингл · 2025

Скачать

Текст песни

Сен жоқта жазым өтті жаңғырып
Күздің де жылымады таң нұры
Қабағы ашылмады қыстың да
Көктемнің тоқтамады жаңбыры
Неге бәрі бұлай болды?
Сезім гүлі құлай солды
Жүрек сыздап жылай тоңды
Қоштасу бұл соңғы
Армандауға болмай ма
Сағынғанда сені?
Көзің жасқа толмай ма
Ойлағанда мені?
Сендік жүрек тоңбай ма
Ойлап сол бір кезді арман, арман
Армандауға болмай ма
Сағынғанда сені?
Көзің жасқа толмай ма
Ойлағанда мені?
Сезім деген солмай ма
От пен мұз арасында қалған?
Сен жоқта кері айналды уақыт та
Жүземін белгісіз бір бағытқа
Адасып ай астында қалдым мен
Алданып сенгісіз бір бақытқа
Неге бәрі бұлай болды?
Сезім гүлі құлай солды
Жүрек сыздап жылай тоңды
Қоштасу бұл соңғы

0:00 0:00