Обложка трека Ойланамын мен! — Халенов Ахиметқали Серғалиұлы
3:38

Халенов Ахиметқали Серғалиұлы Ойланамын мен!

Сингл · 2024

Скачать

Текст песни

Қуаныш сезімге,бөлендік кезінде,
Жастықтың албырт шағында
Жыл келді жаңарды, қыс өтіп барады,
Қараймын артқа қайырыла.
Қимаймын жылдарды , жүрегім жырлайды ,
Әр жылдың өзі бір арна,
Кетпеші, кетпеші күн нұрын төксеңші,
Жастықтың жайлау-бағына !
Айналады жер , ойланамын мен,
Өмір теңіздей, түпсіз бір терең .(Екі рет қайталанады)
Достарым бәріңе, тілеймін әркімге,
Әлемнің ашық аспанын.
Кір шалмай көңілді, бақыттың төрінде,
Шырқаңдар әсем, асқақ ән .
Ырысы халқымның, жалғасы салтының,
Еселей түсші әлемге,
Келсеңші, келсеңші үлеске, кірсеңші,
Үлеске кірсеңші, күлкіңді жолда сәлеммен !

0:00 0:00