Обложка трека Сағыныш — Еркежан Ерланова
4:03

Еркежан Ерланова Сағыныш

Сингл · 2025

Скачать

Текст песни

Алыс арман жетелеп мені белгісізге,
Қауышқанда дауам сен десем сенгісіз бе?
Әрбір сөзің мендік көңілге қаяу салып,
Бұрынғы кез, ғашық жүрегім келгісіз бе?
Сезім жайын балар ғашықтар теңдесізге,
Маған салса ән арнар едім күнде сізге.
Ұмытуға тырыссам-дағы, уақыт өтпей,
Қоштасуға шыдатпас мендік әлсіз кеуде.
Жаным, жаным сенсіз күндерім сұр түнектей,
Сағынғаным білінді енді көкіректе.
Өзіңді аңсап өтіп барады айлар күндер,
Саған теңін таппайтындаймын төңіректен.
Сенсіз күннің бұрынғы емес реңі кеткен,
Сезімімнің болғаны ма дейм соңы көктем.
Кеуде жаққа дауа беретін өзің ғана,
Жүрегімді алғаш жан болдың тебіренткен.
Жаным, жаным сенсіз күндерім сұр түнектей,
Сағынғаным білінді енді көкіректе.
Өзіңді аңсап өтіп барады айлар күндер,
Саған теңін таппайтындаймын төңіректен.

0:00 0:00