Текст песни
Жараланған жүрегім сен дегенде жылайды
Махаббатым дүниеге сыймайды
Алаңдаған көңілім сенсіз тыным таппайды
Жоғаласа сезім қайта оралмайды
Махаббат отын сөндірмеші жаным
Тағдырыңның жұлдызы болсын әнім
Асыл әнім
Аяулым менің ажарым менің
Аңсаған жарым едің әнім едің
Аяулым менің асыл әнімді
Тебіренген жаным саған арнады
Жанымның ақ дауысы күнімнің мағынасы
Бұл жалғанда өзіңсің жан арманым
Өзіңменен сырласу айлы түнде жырласу
Жүрегімде жанған асыл арманым
Махаббат отын сөндірмеші жаным
Тағдырымның жұлдызы болсын әнім
асыл әнім
Аяулым менің ажарым менің
Аңсаған жарым едің әнім едің
Аяулым менің асыл әнімді
Тебіренген жаным саған арнады