Текст песни
Гүлдер, гүлдер көңілімнің көгінде,
Шаттық сезім жүрегімнен бөлінбе.
Еркелеп ап, өкпелейтін әп сәтте,
Мендей ару бір — ақ штук өмірде.
Ерке болып туылғанмын Анамнан,
Табылмайды мендей ару ғаламнан.
Сұлулыққа толғаннан соң айналам,
Жүрегімді шаттық кернеп салам ән.
Армандарым көкке қанат қағады,
Әрбір сәті өмірімнің бағалы.
Гүлдей сұлу мендей ару өмірде,
Бір - ақ штук болып мәңгі қалады.
Болса егер сендік сезім шын ыстық,
Айналады махаббатқа біл, достық.
Жеті айналып шықсаңдағы жер бетін,
Таба алмайсың мендей ару бір штук.