Текст песни
Бір көргеннен басымды айналдырдың-оу,
Жүрегімді бітпейтін майдан қылдың-оу,
Жанарыңа арбалып мәңгілікке-оу,
Ғашық болып қалам деп қайдан білдім-оу?!
Маған керек, сен жанымда жылу шашып жүргенің, Маған керек, сен алаңсыз ашық жарқын күлгенің, Маған керек, сеніменен әрбір өткен күндерім, Маған керек, бақыттымын соны жаным білгенің
Кездескенде есімнен адастырдың-оу,
Үміт-күдік кеудемде таластырдың-оу,
Өміріме сыйладың жарық сәуле-оу,
Бақытыңды бағыма жарастырдың-оу!