Текст песни
Рисковат етсең мынау жалғанда
Қалмайсың ертең ботам арманда
Жасың диназаврға жеткен соң
Қимылда онда жүзге толғанда
Жаспын уақыт жетет деп алданба
Тәуекелің жүрмесін орманда
Джеки жанда аспаннан түскен жоқ
Өзінікін жасаған вандамда
Қалай болады екен ойланып отсыңба әлі
Дәл қазір бастамасаң барлығы бекер болады
Жағдайын доп қылған інілерді джиппен көргенде
Әкесі беріп жатыр дейді де қоя салады
Қимылдасаң шығады басқаларға жақсы атың сонша
Чустрит етіп жатыр көтеріліп достарың қанша
Шаршаған жоқсың ба жұрттың баласы деген сөзден
Тәуекел жасасаңшы қорықпай мақсатың болса
Құмар ойынмен тез табам дейсің
Касяктарды сомен жабам дейсің
Оңай байлық деген оңай кетер
Бұлай жүрсең қашан адал жейсің
Ағысқа жүзіп үйрен қарсы кеп
Қолыңда болсын әркез қамшы тек
Ертеңгі күні сені айтармыз
Басқаға осындай жан болшы деп