Текст песни
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың маңы терең сай
Тасыған өзен күрілдеп
Ауылдың маңы терең сай
Тасыған өзен күрілдеп
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі
Көрінбей жердің топырағы
Құлпырған жасыл жер жүзі
Ауылдың маңы терең сай
Тасыған өзен күрілдеп
Жарық ай, жарық ай
Жарық ай, ай ай ай
Жарық ай, жарық ай
Жарық ай