Текст песни
Екеуміздің ертеңімізді
жаздым дәптерге мен
Бас әріптермен
Үтір нүктелермен
Сенімен болған әр сәттерді
түйдім бұл дәптерге
Жүректен кетпес
Бұлда алыс емес
Айтшы ботам саған қалай айтайын
Қалай айтпайын
Тыныш таппаймын
Сұрақтардың арасында жалғыздықта калдым
Жауабын таппай
Амалын таппай
Екі арман
Бір бір қадамнан
Болармыз бірге
Жетерміз бірге
Сен берілмеші
Тек сенші
Сөнбеші
Қасымда болшы
Бұл өтпелі кезеңдерден біз бірге өтерміз
Сынақта
Қайғыда
Суытпалы қыста күзде өз уақытымен
Көктемде келер
Жазда келер
Айтшы ботам саған қалай айтайын
Калай айтпайын
Тыныш таппаймын
Сұрақтардың арасында жалғыздықта қалдым
Жауабын таппай
Амалын таппай
Жаныңа сен ешкандай өкініш
Қалдырмауды бір өзіңнен мен сұраймын
Аспандай шексіз махаббатымызды
Сөнбеуін іштегі жүректе қалайды