Текст песни
Арай болып ақ таңдарда
Өзің маған бақ болғанда
Күннен күнге ғашық қылып
Жетелейсің тәтт(і) арманға
Жанарыңда жасырылған
Нұрын төгер ақ күн бар ма
Әппақ көңіл жүрегіңді
Теңей берем ақ бұлттарға
Арайланып күнмен бірге
Айналасың әсем гүлге
Ажарланып күннен күнге
Сен!
Сенің жүзің қардан әппақ
Еркелейсің жаным тәтт(і)-ақ
Әп-әдемі қойғандай ма
Үйің сені маған сақтап
Кейде жалғыз жүрсем шаршап
Іздей берем сені аңсап
Басқаларға қарамаймын
Бәрінен де өзің жақсы-ақ
Арайланып күнмен бірге
Айналасың әсем гүлге
Ажарланып күннен күнге
Сен!