Перейти к содержимому
Обложка трека Қазақтың бәрі туысқан — Ерсейіт Әлиев
3:28

Трек

Ерсейіт Әлиев Қазақтың бәрі туысқан

Сингл · 2023 · Поп

Скачать

Текст песни

Алладан келген жарықпыз
Алаштан туған алыппыз
Ат мініп, атан қомдаған,
Ат төбеліндей халықпыз.
Төреге тақыт тиесі
Ұлы жүз ұлттың киесі
Орта жүз жұрттың намысы,
Кіші жүз қылыш иесі.
Мен қазақ деген ел едім,
Жиделібайсын жер едім,
Бөлтірік болып көз ашқан,
Бөрілі байрақ ер едім.
Шығармай бақты уыстан
Жақсыға жақсы жуысқан
Адамның бәрі жерлестер
Қазақтың бәрі туысқан.
Тарихым тарғыл таста тұр,
Отаным бес жүз жаста тұр,
Таққа мінгендер - ақсүйек,
Атқа мінгендер - қас батыр.
Атырау - Алтай арасы,
Қазақтың байтақ даласы.
Алты құрлыққа тараған,
Алаштың алты баласы.

Комментировать

0:00 0:00