Текст песни
Қанша жол жүру керек
білгеніңді түсіну үшін?
Құл арасында тоқтайды
толтырам деп әл-күшін
Енді өзімді тауып, іштегі ақылсызды жеңсем
Дәл қазір кажет боп тұрған градус 180
Сәл жүгіремін, сосын жоғары қараймын
Мұра қалдыру арманы боп келеді талайдың
Кімге берер жақпын әлі, кімге бердім тегін
Қайда жүріп нені ектім, сол тиісілі егін
Сорға отырғызам десең біреуді
Позитивті сүр
Ғимаратыңды сал
Ешкімге шашпа сыр
Өзін танып-білгендер шайқасады жымиып ғана
Кешегі ақымақ, енді дана
Терең дем ал, айнаға қара
Біразының жүрегінде бар асқынған жара
Қадірін біліп жүрсек ғой әр жұтқан ауаның
Мен де өмірдің бал түрін іздеген арамын
Тереңдеу дем ал, айнаға қара
Біразының жүрегінде бар асқынған жара
Қадірін біліп жүрсек ғой әр жұтқан ауаның
Мен де өмірдің бал түрін іздеген арамын
Білмейм, қолдан құлап жатыр бәрі
Бастысы түпте оянбасам болды кезімде кәрі
Қадірін білетін жасқа да жеттік ата-ананың
Балалық қалды, ойда жанұя, бала-шағаның қамы
Бағыт тек жоғары қарай step by step
Күнделікті тірлігіміз нан мен май іздеп
Былтыр әбден былғанды сүзгім
Біріне қол сілтесем, бірін сүздім
Білдім не екенін біздің
Білдім не екенін созылған күздің
Естідік тартуларды ұстатпайтын мысқыл
Мән бермеуді үйрендім, менде бітпеген іс тұр
Мен де қосылдым жақсыларым, движ болса ысқырың
Солай керек болған болса егер мейлі ығыстым
Кейде арманым тұрғандай әлі алыс тым
Кім біледі алдынан шығармын мен ырыстың
Алтын тауып қалармын мүмкін орнына мыстың
Әмин!!!
Терең дем ал, айнаға қара
Біразының жүрегінде бар асқынған жара
Қадірін біліп жүрсек ғой әр жұтқан ауаның
Мен де өмірдің бал түрін іздеген арамын
Тереңдеу дем ал, айнаға қара
Біразының жүрегінде бар асқынған жара
Қадірін біліп жүрсек ғой әр жұтқан ауаның
Мен де өмірдің бал түрін іздеген арамын