Текст песни
Жаз болса, жарқыраған көлдің беті-ау,
Көгеріп көрінеді, япур-ай, алыс шеті-ау.
Дірілдеп толқын басқан мөлдір суың-ай,
Шайқайды жас баладай, япур-ай, желдің лебі-ай.
Алтын бу айналы өңнің бетін жабар-ай,
Ақ сәуле көктен төніп, япур-ай, маржан тағар-ай.
Есіме ақ сәулемді алған кезде(у)-ау,
Ақ моншақ жылт-жылт етіп, япур-ай, жерге тамар-ай.