Перейти к содержимому
Обложка трека AMANATYM — NVKOSH
3:09

Трек

NVKOSH AMANATYM

Альбом · 21:01 · 2026 · Поп

Скачать

Текст песни

Сен маған бөтен адам сияқты болып кеттің
Сен қатты өзгергенсің
Арамыз алшақтап кетті, прям қатты
Қайтадан екеуміз қосылдық
Қайтадан мен сені жібере алмаймын
«Саған қатты бауыр басып қалдым
Ұнайсың, сені қатты жақсы көремін
Сол жақсы көретінімді саған айтып жеткізе алмаймын
Prod. by NVKOSH
Маған сенім артпады ешкім
Серуендейік Алматыны кешкі
Неге енді сен менен кеттің?
Темекіні қораптап шектім
Бірақ сен мені сүйе алмадың!
Басым кетіп секілді, Алматым
Ішкі дүниемнен түк қалмады
Көзіңнен мен көз ала алмадым
Көздеріңе қарай-қарай, іштен мені арбай
Сұлулығыңнан көз ала алмадым!
Жаныңа мен бара алмай, жақындарды алдай
Анаңа сенің ұнамадым
Сен деп жаздым өлең талай, бір өзіңе арнайы
Сүйем сені, махаббатым
Енді бірге бола алмай, өткен күнді санай
Жалғыз қалдың — аманатым
Сүйем, расымен, сені ғана мен сүйіп өтем
Осы сәтте демек маған керегі тек — оттек
Жүрегім стучит, жаным күйді, лаулап өртеніп
Қазіргі ұрыс жақсы іспенен шайып өтеді
Кетеді шабыт, сен оны әттең, дым байқамайсың
Десең де, мені сүйіп, «- жек көремін» деп қайталайсың
Әдемі келін болғайсың
Бірақ сен менің жарым бола алмайсың
Жүрек сенен алшақтады
Бірақ әлі де сені сүйеді қатты
Махаббатым, сенің көзіңе баттым
Әттең, бір өзіңе қайта бара алмадым
Араладым қаншама жерлерімізді
Еске түсіріп бала кездерімізді
Қанша келістіре алмадық мінезімізді
Мүмкін, әлі таба алмадық біз теңімізді
Мүмкін, бұның барлығы балалық ғашықтық
Мүмкін, барлығына кінә — алыс қашықтық
Мүмкін, махаббатым шығар болды басымдық
Мүмкін, барлығына қатты біз асықтық
Әлі де арамызда бір нәрсе бардай
Соңғы кездесуімізге күндер санай
Екеуміз қосыла аламыз қайта қалай?
Айтылса да ауыр сөздер талай
Көздеріңе қарай-қарай, іштен мені арбай
Сұлулығыңнан көз алмадым
Жаныңа мен бара алмай, жақындарды алдай
Анаңа сенің ұнамадым
Сен деп жаздым өлең талай, бір өзіңе арнайы
Сүйем сені, махаббатым
Енді бірге бола алмай, өткен күнді санай
Жалғыз қалдың — аманатым
Қарай-қарай
Көздеріңе қарай-қарай, іштен мені арбай
Сұлулығыңнан көз алмадым
Жаныңа мен бара алмай, іштен мені арбай
Анаңа сенің ұнамадым
Сен деп жаздым өлең талай, бір өзіңе арнайы
Махаббатым, махаббатым
Аманатым, аманатым

0:00 0:00