Текст песни
Күн мен Айдың қозғалысы әсем биге тең келер,
Бұл өмірдің суреттерін қолға алатын сен - шебер
Алыс жолдың қиындығын жалғыз қалған түсінер,
Лаулап сөнген сезімді екі еселеп ертең берер
Бұл өмірдің кілттерін көп адамдар іздеуде,
Сол сапарда жоғалтпа жылулықты кеудеңде
Нағыз жардың әсем көркі - сұлулық пен келбет пе?
Өз адамың сезінер әлеміңе келгенде
Әр қадамды анық бас, әуре болып асықпа,
Жұмбақтардың шешімдері тұр ғой міне қалтаңда
Бұл өмірдің сырлары ашылар сол адамға,
Әрбір ісің толық болса шын махаббатқа
Күн мен Айдың қозғалысыAlt. Version1