Текст песни
Сен болмасаң, бұл көшелер бос мен үшін
Бұл ғарышта сен - менің оттегімсің
Дауысыңды естігім келеді, түн ішінде
Менің қоңырауымды күтемісің?
Арамыз да жанып, өтті жалын
Көңіл күйді түсірмейді жауын
Сағынып, қалмады амалым
(Алло?) Қалай сенің қалың?
Әрбір қыздан сені іздеймін
Асып-тасып жатқан, боранды теңіздеймін
Мен әлі тірімін, бірақ ештеңе сезбеймін
Жалғыздықпен доспын, көше кезбеймін
Адамдардан алыстап,айнала 4 кереге
Ол қасымда болса, маған өрт берер еді
Ұйқым қашты, аспанға түтін жібере бер
Бәрі шалқып күлуде, қызық емес мереке
Қала кептеліс, жаяу жүремін көбінесе
Даусыңа жетем, егер жарық көрмесем
Күйімді айтып берейін, сөзідерімді бөлмесең
Жүрек соғысы баяу, телефонды көтерсең
Сен болмасаң, бұл көшелер бос мен үшін
Бұл ғарышта сен - менің оттегімсің
Дауысыңды естігім келеді, түн ішінде
Менің қоңырауымды күтемісің?
Арамызда жанып, өтті жалын
Көңіл күйді түсірмейді жауын
Сағынып, қалмады амалым
(Алло?) Қалай сенің қалың?
Кеткім келеді жоқ болып
Көзбен атасың сенде оқ толы
Сахнада болсам көтереді көп қол
Ал менің есілдертімнің барлығы тек ол
Сол баяғы ақымақпын
Ойларым таза жүрегім мақта
Тек қана жарық жақта
Мені осындай қылып есіңде сақта
Сен болмасаң, бұл көшелер бос мен үшін
Бұл ғарышта сен - менің оттегімсің
Дауысыңды естігім келеді, түн ішінде
Менің қоңырауымды күтемісің?
Арамызда жанып, өтті жалын
Көңіл күйді түсірмейді жауын
Сағынып, қалмады амалым
(Алло?) Қалай сенің қалың?