Текст песни
Шын мәнінде маған бәрібір
Сөздеріңе айтылған.
Көздеріңде жазулы тұр
Тек ғашықтық жыр-дастан
Алдамашы өзіңді
Білемін мен сезіміңді
Батыл болшы, сен!
Жауапсыз қалмайды, берем уәдемді
Бір мүмкіндік беріп көрейік
Махаббатқа біз енейік
Жүрек сендік, егер мәңгілік
Болсаң сен адал серігім
Күні-түні ойым сенде
Үнсіз қалдың, айтш, неліктен?
Өзің бәрін сен өзгертер.
Өзгертер
Зулап өтед(і) күн, ұзарады түн
Қиялыма мен баттым
Көздеріңнің тұңғиығы есімде
Ұялғаның, қысылғаның бәрі-бәрі елестей
Батыл болшы, өтінем.
Бір мүмкіндік беріп көрейік
Махаббатқа біз енейік
Жүрек сендік, егер мәңгілік
Болсаң сен адал серігім