Текст песни
Қос құлағын қайшылап
Жалқұйрығы шабады шаңды боратып.
Сауырдан тер тамшылап
Қимылына қазақтай елді қаратып.
Шабандоздар серкені серт деп келеді
Қазандыққа құйғытып беттеп келеді.
Жүйрікке жел жете алмас соққанменен,
Жануардың көзінен оттар көрем.
Қазандықтың ішінен лаулап тұрған,
Қазағымның намысы көкпар деген.
Қолға намыс ту алып
Досын басар кеудеге азаматтарым.
Салым салса қуанып
Өмір биін билейді қазанаттарым!
Көкпар деген өр рухы ұлтымның асқақ
Шабандоздар келеді жұртымды бастап.