Текст песни
Дерегі кең ғасырдай
Терең күнге асылды-ай
Келеді әлі ашылмай
Махаббаттың тылсым сырын
Беймәлім болып
Сезім оты жасындай
Бар жарығын жасырмай
Ақ жауыны басылмай
Тасып жатыр шарасынан ернеуі толып
Дегеннен түспе
Бос әуреге
Бұдан артық күш
Жоқ әлемде
Өмірдің мәні тереңдерде
Сырлары қырлары мың сан қабат
Көңілің әнге бөленер ме
Жүректе жанбаса шын махаббат
Махаббаттан бар ма асқан
Талай аңыз, сан дастан
Ұрпақтарға жалғасқан
Шырын әнді шын махаббат
Өлмейді мәңгі
Өмірдің мәні тереңдерде
Сырлары қырлары мың сан қабат
Көңілің әнге бөленер ме
Жүректе жанбаса шын махаббат
Өмірдің мәні тереңдерде
Сырлары қырлары мың сан қабат
Көңілің әнге бөленер ме
Жүректе жанбаса шын махаббат
Жүректе жанбаса шын махаббат...