Текст песни
Құсым едің жақсы көріп ұнатқан
Өзің барда жаным жайлы гүл атқан
Көктемімдей көңілімді құлпыртып
Көгершінім келдің бе ұшып жырақтан
Самғадың ба қатар ұшып көктеммен
Сая тапшы мына жасыл көктерден
Жаз айынан назайынан сазымен
Қарлығашым жеттің бе өтіп көктерден
Орман басып, талдан асып ұшқанда
Жаның сенің жақсылыққа кұштар ма
Қанаттарың талмай аман жеттің бе
Душар болмай қара көңіл дұшпанға
Құлағымнан кетпей қойған тәтті үнің
Маған аян нәзіктігің, пәктігің
Толқын атып, шалқып жатқан шағында
Айдыныңды келдің бе аңсап аққуым
Орман басып, талдан асып ұшқанда
Жаның сенің жақсылыққа кұштар ма
Қанаттарың талмай аман жеттің бе
Душар болмай қара көңіл дұшпанға
Думандатып бұл өмірдің базарын
Көтерер түс көңілдердің ажарын
Аспанымда қанат қағып берілде
Аққу арман, қарлығашым, қаз әнім