Текст песни
Сағындым көзіңді мөлдіреген
Сағындым жүзіңді елжіреген
Бейнеңде бір тылсым ғажайып бар
Жауабын мен білмеген
Қиылып үзіле қарағаның
Бір сенің қолыңда бар арманым
Осынау кең әлем кең ғаламға
Өзіңсіз сыйа алмадым
Алаулап ақ сезім арбайды
Жанымда сенімсіз мұң қайғы
Өзіңнен өзгені жан жүрегім қаламайды
Сағындым сезімді алып ұшқан
Сағындым кезімді жалын құшқан
Көңілім басылмай саған деген
Сарғайды сағыныштан
Алаулап ақ сезім арбайды
Жанымда сенімсіз мұң қайғы
Өзіңнен өзгені жан жүрегім қаламайды
Алаулап ақ сезім арбайды
Жанымда сенімсіз мұң қайғы
Өзіңнен өзгені жан жүрегім қаламайды