Текст песни
Ойнаса домбырада он саусағым,
Төгілер шынағынан кәусар сарын.
Ән мен күй көк төсінде қалықтаса,
Әркім-ақ балғын бала аңсар шағын,
Бала шағын.
Аққу домбыра,
Гәкку домбыра.
Ғажап бір тынысың кең
Қазақтың үнісің сен.
Даланың ән-күйісің,
Ананың әлдиісің
Төгілсе домбырадан ғажап үндер,
Жайқалар көз алдымда дала гүлдер(і)
Тәтті үнін табиғаттың тыңдаған жан,
Мінекей мынау менің казағым дер,
Қазағым дер.
Аққу домбыра,
Гәкку домбыра.
Ғажап бір тынысың кең
Қазақтың үнісің сен.
Даланың ән-күйісің,
Ананың әлдиісің
Аққу домбыра,
Гәкку домбыра.
Ғажап бір тынысың кең
Қазақтың үнісің сен.
Даланың ән-күйісің,
Ананың әлдиісің