Перейти к содержимому
Обложка трека ANA — ASET ESZHAN
4:00

Трек

ASET ESZHAN ANA

Сингл · 2025 · Поп

Скачать

Текст песни

Балам деп еркелетсең күш табамын,
Өйткені анасына құштар әркім.
Өйткені шар анада жатқанымда,
Мен сенің жүрегіңнен ұстағанмын.
Мазаңызды жұрт ақпары алған жоқ па?
Еш жеріңіз сырқаттанып қалған жоқ па?
Қайран менің әппақ анам,
Жатқа кек сақтамаған,
Түспесе деп отқа балам,
Уайымға батқан адам.
Жүрші ана әдемі болып,
Аңсаймын сені шалғайдан.
Тербеткен әлемді қолың,
Сипаған мені маңдайдан.
Көңілің жайдары болсын,
Көзіңнің жарығы күндей,
Аналар мейрамы болсын,
Күндердің бардығы бірдей.
Мен өзіңді анда-санда жараладым,
Ал сен мені әрқашан да дараладың.
Жол бермеші жаман ойға,
Кеткен жоқ балаң айға.
Сарғайтатын сағындырып,
Айларға шара қайда.
Жүрші ана әдемі болып,
Аңсаймын сені шалғайдан.
Тербеткен әлемді қолың,
Сипаған мені маңдайдан.
Көңілің жайдары болсын,
Көзіңнің жарығы күндей,
Аналар мейрамы болсын,
Күндердің бардығы бірдей.
Жүрші мәңгі әдемі боп,
Аппақ ана!

0:00 0:00