Текст песни
Сүйген құлын, дұрыс шығар сынағаны..
Сынағаны құдайына ұнағаны..
Мың бір пәле, келседе үміт үзбе.
Құлағандар ертеңіне ақ тұралады...
Қайырма
Сыйласайық мейлінше тірімізде..
Сеп болайық біріміз, бірімізге..
Жақсы адам еді ғой деп, жылағанша..
Шын жақсы боп, жүрсек осы күнімізде
Сынап көрер, дүние беріп пендесіне..
Үйіп берер, берер тағы мол несібе..
Асып тасып, өзім жеттім дегеніңде..
Қара табыт, әкетеді келмесіңе..
Дүниең болса, жақсысың оқығансың.
Көпті көрген, мықтысың тоқығансың..
Сыйлысың барған жерде төр сеніке..
Таласады сөзіме, осыған кім..
Силастықты өлшемеңіз байлықпенен..
Күнің бітсе, ұйықтар мәңгі қалқып денең.
Лауазымда атағың бәрі қалар..
Ары кетсе орап көмер барқытпенен..
Сыйласайық мейлінше тірімізде..
Сеп болайық біріміз, бірімізге..
Жақсы адам еді ғой деп, жылағанша..
Шын жақсы боп, жүрсек осы күнімізде