Текст песни
Қазағым менің қырандай еркін ардақты ел,
Қасық қанымен байтақ жерімді қорғапты ер.
Жаратқан менің жайсаң еліме бақыт бер,
Сол бақытымды басып тұратын салмақ бер!
Жомарттық жүрегінде,
Бойында адамдық бар.
Қазақтың бәрі текті,
Қанында адалдық бар.
Елім, туып өскен байтақ жерім,
Алғаш махаббатым менің,
Құшағыңда қалды сенің.
Елім, ел алдында үлкен сенім,
Шалқып жатыр өзен,көлің,
Табиғатың жауһар керім.
Қазағым менің, қаһарман жаны қайсар ел,
Қазағым мен ақылшы, дана, ойшаң ел,
Арпалысқанның азуын қағып түседі,
Қонағын күтсе қойдан да жуас жайсаң ел!