Текст песни
Кездейсоқ,
Кездесу.
Кездерменен қайта жүздесу.
Көздесу,
Тілдесу.
Жүректерді ашып қайта үндесу.
Күндеде, түндеде
Сезім бір кете, бір келе,
Маған мұң күйді мың бере берді.
Күндіз де түнде де,
Ердім өңге де үнге де,
Мені ертіп ол неге келді?
Бір-бірін сүйген екі бейне,
Сүйсе де, қазір соңғы биде.
Қоштасады шыдамас күйде.
Неге? Неге?
Десе де жүрек “оны сүйме”,
“Оты тым ыстық, жанба, күйме.”
Көргім келеді оны кейде,
Неге? Неге?
Сағыну,
Тарығу.
Өткеніңді ойлап қамығу.
Жабығу,
Тарылу.
Бар әлемнен көрмесін деп жабылу.
Күндеде, түндеде,
Сезім бір кете, бір келе,
Маған мұң күйді мың бере берді.
Күндіз де түнде де,
Ердім өңге де үнге де,
Мені ертіп ол неге келді?
Бір-бірін сүйген екі бейне,
Сүйсе де, қазір соңғы биде.
Қоштасады шыдамас күйде.
Неге? Неге?
Десе де жүрек “оны сүйме”,
“Оты тым ыстық, жанба, күйме.”
Көргім келеді оны кейде,
Неге? Неге?