Текст песни
От сезімім лаулап
Тек өзіңді таңдап
Сол асау жүрегім
Ән салуда арнап
Мен өзіңді сүйдім
Сен жүрекке сыйдың
Бұл өмірімдегі
Бір Алланың сыйы
Мен тек сені ойлаумен тұрмын
Жан тағатсыз сағынып жүрмін
Бақыт құсым менің
Ғашығыңмын сенің
Мәжнүнің мен болсам
Сен Ләйлім менің
Таң жадырап атты
Күн күлімдеп батты
Сен сыйладың маған
Ең бақытты сәтті
Өзің жанымның емі
Ақ жүзің әдемі
Бұл ғалам бір басқа
Сен менің әлемім
Мен тек сені ойлаумен тұрмын
Жан тағатсыз сағынып жүрмін
Бақыт құсым менің
Ғашығыңмын сенің
Мәжнүнің мен болсам
Сен Ләйлім менің