Текст песни
Жазылмаған қанша жыр
Айтылмаған қанша сыр
Бұл Әлемнің беймәлім,
Ғажайыбы қанша мың?!
Армандау мен аңсаған,
Жылдар бойы шаршаған.
Өмір деген шайқастан,
Жеңілмеген қанша адам?!
Мейлі жаз мейлі көктем
Өкінбе сен өмірге өткен
Бақытты сәттер әттең оралмайды…
Балалығын, бал шағын,
Махаббат пен аңсарын,
Ұмытпайды Жүректер,
Сыйласа да қанша мұң.
Төгілген көп қанша жас,
Өмір деген - жанталас!
Жолдар да бар таңдаған,
Шаттанатын бар ғалам.