Текст песни
Мен қазақпын берекелі елдегі
Мен қазақпын көркейген жердегі
Мен Қазақстанда тұрам берекелі
Мен қазақтың жігіттері термелі
Бұл ғана емес және көп бізде тарих
Бізде ру ғана емес жүзді жүзге білген халық
Шектен аспадым ұрпағымын партизанның
Саған айып болмайтын шығар
Бізде Абылай хан бар
Ақ төгілмейді мал көк бөріні жеңіп ал
Үлкеннің батасы жігіттерге мотивациялау
Көкте жалау жерде алау
Отпен ойнаған отқа күйеді біздің жау
Ақпарат және Факттар
Қайдағы сенімсіздіктерді айтқаның
Сенбесең ақтар бізде тарих бар
Айыпты қайдан тағасың айтшы бауыр әңгімең ауыр
Ауаға толған сөздер
Қызыл қанға толы көздер бізден безген
Өкпелей бер басқа елменен жер
Не десеңде қазақпын
Партизан деген мен Yugee мен
Мен қазақпын берекелі елдегі
Мен қазақпын көркейген жердегі
Мен Қазақстанда тұрам берекелі
Мен қазақтың жігіттері термелі
Бөтен емес алты алаштың балдары
Бөтен емес батыр ханның қандары
Текті жерден тіл байлығым шексізсідік
Шет тілменен мүлде шектелмеген
Ар намысын биік қойған жанынан
Қорғау үшін жанындағы жауынан
Біздер үшін жан тәнімен қалдырған
Сіздер үшін аманатқа бағынам
Дәстүрменен ата салтын сақтаған
Тазы менен аң аулауға жарысқан
Біз рухани қасқырменен алысқан
Қазағымның жастары арыстан
Көпті сүрген емес көпті көргендер данышпан
Білмей емес біліп айтпаған алыстар
Бұл жүз емес үш жақтан таласқан
Біз бір қазақ берекелі алаштан
Бізде бәрі бар кел не әрі бар
Бізде бәрі бар жаныңа дәрім ар
Бізден ал нәр біздеде қару бар
Біздеде мың тауар бізге де таң атар
Мен қазақпын берекелі елдегі
Мен қазақпын көркейген жердегі
Мен Қазақстанда тұрам берекелі
Мен қазақтың жігіттері термелі