Текст песни
Сапар шексем алысқа
Сен жадымнан қалмайсың
Қиындықтан қалыспай
Қиялымды жалғайсың
⠀
Мол бақытың жайында
Сырласумен айта алдың
Қарағай мен қайыңдай
Қатар тұрып жайқалдық
⠀
Сәулем, сәулем, сәулем
Кір шалмаған арымсың
Сезімдегі жалынсың
Басымдағы бағымсың
⠀
Домбырамның үні - сен
Жүрегімнің жыры - сен
Жанарымның, жанарымның
Жанарымның нұры - сен!
⠀
Күндіз күлген күнімсің
Түнде туған айымсың
Жайнап тұрған гүлімсің
Ойға шомған қайыңсың
⠀
Домбыраға тағылған
Екі ішектей жұптастық
Үміт алда жағылар
Келешекке нық бастық
⠀
Сәулем, сәулем, сәулем
Кір шалмаған арымсың
Сезімдегі жалынсың
Басымдағы бағымсың,
⠀
Домбырамның үні - сен
Жүрегімнің жыры - сен
Жанарымның, жанарымның
Жанарымның нұры - сен!