Текст песни
Әй балам
Орынсыз салма байбалам
Ажарың барда жайнаған
Қазаның барда қайнаған
Намысты арлы ақылды
Шын қазақты көр айнадан
Осынау жерді жайлаған
Сертінен тайды қай бабаң
Бабаңдай болсаң байсалды
Айналып тұрар айналаң
Әй балам
Бес қаруымсың сайлаған
Заманың жақсы деді әжең
Басыңа бақыт байлаған
Несібең жерден табылар
Жатқанда ұшып айға адам
Бақтарың бұлбұл сайраған
Бай далаң соған сай қалаң
Бәрі де сенің еншіңде
Игілігіңе пайдалан
Әй балам
Алдаспанымсың қайраған
Ақын да болма әкім де
Адам боп қалсаң айналам
Сен адам болсаң мына мен
Қос дүниеде бәйге алам