Перейти к содержимому
Обложка трека Жаңа Қазақстан! — Әдемі-Ай дуэті
3:59

Трек

Әдемі-Ай дуэті Жаңа Қазақстан!

Сингл · 2022 · Поп

Скачать

Текст песни

Аталардың аманатын ақтаған,
Салтымызды сары алтындай сақтаған.
Жаңа ғасыр баспалдағын аттаған
Байтақ елім өзің менен мақтанам
Бабаларым сауытын киген алтыннан,
Тұлпар мініп бостандыққа талпынған.
Сардары мен батырлары салқын қан,
Дархан көңіл айналайын халқымнан!
Қаймана қазақ қамы үшін,
Алысқан талай арысым.
Бермеген қолдан намысын намысын намысын.
Жерімді қорғап нарларым ел үшін төкті қандарын,
Аллаға шүкір біз көрдік арманын арманын.
Хандарымыз өткір еді қайралған
Жырауларым ұйқы беріп қайғы алған
Билеріміз дауға түссе бәйге алған
Абыздар бар аңыздарға айналған
Ақылманым даналыққа ұмтылған
Ақындарым жүрегіне жыр тұнған
Бұғаулыққа басы сыймай бұлқынған
Жау-жүректер туды талай жұртымнан
Абайдың сөзі қайнарым,
Алаштың жолы айбарым,
Желбіреп көкте байрағым байрағым.
Арғы атам менің таза ғұн,
Қырандай қанат жазамын
Жасай бер жайсаң қазағым қазағым қазағым!

0:00 0:00