Текст песни
Желсіз түнде жарық ай
Ішімдегі сырымды айтайын
Мөлдір көздерің қара
Менің жүрегімді ұялайды
Уақыт келді, шыдамаймын
Болшы мендік мәңгі
Айналайын
Көздеріңнен қара айналайын
Ұялып күле берген сайын
Маған одан да қатты ұнайсың
Ұялып күле берген сайын
Маған одан да қатты ұнайсың
Тұрсың алдымда қайындай майысып
Таңдайсың айтшы жұлдыздың қайсысын?
Гүлдердің қай түсін?
Бәріне лайықсың
Сенбейтін ғайыпсың
Керемет вайбсың
Әнімсің, жанымсың
Неткен ғажайыпсың
Құладым мен ұрғандай Тайсон
Нокауттайсың, тұра алмаймын
Бөлексің сен көптен, талайынан
Қатты қалаймын, жүректі талайсың
Маған сенсең, қанекей айтшы
Менімен дайынсың, өткізу лайфты
Бірге есейіп, бірге қартаюға
Ұлым болса- келіннің шайына
Әкелші қане әппақ маңдайыйды
Бір сүйіп, айналайын
Еркелеші кел маған
Сұлу езуіңнен тамсанам
Еріңдерің қып- қызыл
Шынымен шие мекен, қызық
Бақытпенен махаббат
Екеуі өзің тек
Айналайын, көздеріңнен қара айналайын
Айналайын
Көздеріңнен қара айналайын
Күле берген сайын
Маған одан да қатты ұнайсың
Айналайын
Көздеріңнен қара айналайын
Айналайын
Менің жүрегімде мекен- жайың
Желсіз түнде жарық ай
Ішімдегі сырымды айтайын