Текст песни
Сұр қала ауа райында
Салқын күз айында
Жалғыз түрлі түсті
Жан иесі болдын
Көбелек
Қыркүйектің аяғында
Қара бұлт астында
Жаңбыр басқан жерде
Гүлдей болып шықтын
Көбелек
Қалай ғана бұл суықта
Қанат талмай жылу жоқта
Айналама сен келдін?
(Ауырады жүрегім)
Сезгім келмейді ештене, бірақ жаным мұңайып
(Ауырады жүрегім)
Есік жабық алайда құлыптар болды ғайып
Пайда болған сол көбелек, оған ермек
Жанымның түпкіріндегі айқай-шу
Көбелек, көбелек, көбелектер іштей жеп мені
Сөндіретін тетік бар ма
Адамның ойларын?
Түнге қарай келіп карма
Кегін алып менен көбелекпен
Сенің бейнен
Қалай ғана кетпейді естен
Уақыт тоқтады әлсіздіктен
Айналамда көмек берер жан бар ма?
(Ауырады жүрегім)
Сезгім келмейді ештене, бірақ жаным мұңайып
(Ауырады жүрегім)
Есік жабық алайда құлыптар болды ғайып
Пайда болған сол көбелек, оған ермек
Жанымның түпкіріндегі айқай-шу
Көбелек, көбелек, көбелектер іштей жеп мені
Көбелектер бойымды өртеді,
Күшім жоқ, жетпеді оған қарсы