Перейти к содержимому
Обложка трека Ақ ерке - Ақ жайық — Шәмші Қалдаяқов, Ілияс Артағалиев
4:02

Трек

Шәмші Қалдаяқов, Ілияс Артағалиев Ақ ерке - Ақ жайық

Альбом · Шәмші Әлемі 2 · 2025 · Поп

Скачать

Текст песни

Арманым саған ауған
Самал соқса жағалаудан
Жүректе тербетілген
Ақ Жайығым
Ақ еркем – аңсаған ән өлкем
Жаным-ау, дара туған
Ағыстардан жаратылған
Жайықтың жағалай тал
Жағасынан
Қымбаттым сен маған тіл қаттың
Өзіңсің, жаным
Жаңғыртқан әнім
Каспийдің толқын тауларын
Сенбісің көгілдір махаббатым
Алқызыл алаулы таңдарым?!
Сенбісің көгілдір махаббатым
Алқызыл алаулы таңдарым?!
Айдыным шалқыған бір
Дидарыңда толқыған нұр
Мен сені көрдім, еркем
Ерке теңіз
Аспанға маржандар шашқанда
Айрылмас достығыңның
Айғағы ма қос бұрымың?!
Жанымды нұрландырып
Сенің шолпан
Жанарың алаулап барамын
Өзіңсің, жаным
Жаңғыртқан әнім
Каспийдің толқын тауларын
Сенбісің көгілдір махаббатым
Алқызыл алаулы таңдарым?!
Сенбісің көгілдір махаббатым
Алқызыл алаулы таңдарым?!
Бір сәуле күлімдеген
Жанарыңнан дірілдеген
Мен сені балықшының
Арманынан
Жан сәулем
Іздеймін аңсаумен
Арманым саған ауған
Самал соқса жағалаудан
Жүректе тербетілген
Ақ Жайығым
Ақ еркем – аңсаған ән өлкем
Өзіңсің, жаным
Жаңғыртқан әнім
Каспийдің толқын тауларын
Сенбісің көгілдір махаббатым
Алқызыл алаулы таңдарым?!
Сенбісің көгілдір махаббатым
Алқызыл алаулы таңдарым?!

Комментировать

0:00 0:00