Текст песни
Жамалың жас көктемнің жамалындай
Жүрегің махаббаттың қамалындай, қамалындай
Тамдының тамылжыған әнші аруы
Лебізің таңның уыз самалындай, самалындай
Еркем-ай
Ебелектей жел аңсаған
Көбелектей гүл аңсаған
Келем саған
Сені ойлап құлазыған құла құмдай
Заулайды қиял қырдың құланындай, құланындай
Бұрымың, Мыңбұлақта туған ару
Сол жердің мың бірінші бұлағындай, бұлағындай
Еркем-ай
Ебелектей жел аңсаған
Көбелектей гүл аңсаған
Келем саған
Ілінген ғашықтықтың құрығына
Әнімді құрбан еттім ырымына, ырымына
Мен қашан сүңгір екем мың бірінші
Бұлақтай тарқатылған бұрымыңа, бұрымыңа
Еркем-ай
Ебелектей жел аңсаған
Көбелектей гүл аңсаған
Келем саған
Похожие исполнители
Комментировать