Текст песни
Қызға тілек”
(Қыз ұзату)
Қыз жібектей көркем,
Еркелеген еркем,
Енді сені ,күтіп тұр,
Өз өлкең.
Қайырмасы:
Аналар жолының ,
Ізін жалғап бүгін,
Бақытты бол,
Бақытты бол - күнім!
Сен үшін өмірдің,
Тілеймін бар нұрын,
Бақытты бол,
Бақытты бол күнім!
Болып адал келін,
Батасын ал елдің.
Жүріңдер тек жарасып ,
Екеуің!