Текст песни
Ол біледі өзін
Таңғажайып тұлғасы
Тартты көптің көзін
Сырнайлы сыңғыр сырғасы
Ол біледі өзін
Қимылдары ырғақты
Көрсең жүрген кезін
Қадамы әрбір қымбатты
Ол үшін би алаңы
Өзіңдей ару мекені
Жетелеп қиял әні
Асыға жетемін
Ғажайып сұлу қыздың
Сеземін сонда екенін
Ерекше нұрлы жүзін
Армандап өтемін
Ол біледі өзін
Артық ұстап бағасын
Махаббаттың сезім
Күлкісіндегі жарасым
Ол біле ме, бірақ
Ғашық болып қалыппын
Мен үшін - шырақ
Арайлы аспан, жарық күн
Ол үшін би алаңы
Өзіңдей ару мекені
Жетелеп қиял әні
Асыға жетемін
Ғажайып сұлу қыздың
Сеземін сонда екенін
Ерекше нұрлы жүзін
Армандап өтемін