Текст песни
Тұмжырап қарап тұрмын аспанға,
Дым қимай естеліктер қинайды ойды.
Қайтадан еске алып тұрдым да,
Неге мендік бола алмадың?
Сен бастадың бұл ойынды.
Сырттан бақылаймын сенің бейнеңді,
Неге ескермедің сезімдерімді?
Қуат көзі деймін күлімдеген өзіңді.
Жасырмаймын!
Айналайын, қимаймын.
Әр күнімді сыйлаймын.
Жүрегімді жазатын
Сені тыймаймын.
Не себепті, не себепті
Соңғы жүздесу,
Ләзде бітті, кетті
Өткен шақпен теңесіп?
Бірге жеттік, бірге жеттік,
Тағдыр неге қу?
Қуып жете алмайтын бақыт...
Айналайын, қинадың,
Бірге дайын болмадың,
Өміріме сыймадың
Менің жаным.