Текст песни
Қайда қайда сол күндер
Арман қуып алысқа қанат қаққан
Қайда қайда сол түндер
Гитарамен ән салып бақыт тапқан
Жап жас бала кездер ай
Дана кездер ай дала кезген ай
Ой мен шарықтап көкке
Қияалдап жүрген шала кездер ай
Қызға ғашық кездер ай
Сұлу көздер ай тасып сөздер ай
Ерте есейгім келіп
Қалаға қарай асық кездер ай
Қайда қайда сол күндер
Арман қуып алысқа қанат қаққан
Қайда қайда сол түндер
Гитарамен ән салып бақыт тапқан
Күнде ойнап жүретін
Бірге күлетін,бәрін білетін
Үйден қашып көшеде
Достармен бірге өмір сүретін
Қазір есейдік өсіп
Ауылдан көшіп арманға ілесіп
Сағынамын сол шақты
Бал күндерде жүрген сол бақты
Қайда қайда сол күндер
Арман қуып алысқа қанат қаққан
Қайда қайда сол түндер
Гитарамен ән салып бақыт тапқан