Текст песни
Айтшы дайынсың ба мендей отқа?
Үкім менде, жақындама тоқта!
Сезім оятар жалын бойыңда,
Мені қозға, мені оқта.
Тынысымыз жарысқан көлеңке,
Секундтар балқиды ернімде.
Көзім - тозақ, үнім - тәтті у.
Тәніңмен жаздың әніңді қу.
Ой қойшы жүрмей айнала,
Тағы да мені мазала..
Өзінше тәкаппар бала,
Таңға дейін мені жазала..
Көзіңді тығасың менің көзімнен,
Ұялып қарайсың от сезіммен.
Ұнайсың маған ұятсыз кейпіңде.
Бүгінгі кеш сенің еркіңде.
Тынысымыз жарысқан көлеңке,
Секундтар балқиды ернімде,
Көзім - тозақ, үнім - тәтті у.
Тәніңмен жаздың әніңді қу.
Ой қойшы жүрмей айнала,
Тағы да мені мазала..
Өзінше тәкаппар бала,
Таңға дейін мені жазала..
Үстіңде қалмасын мүлде киім,
Саған байланысты көңіл-күйім.
Ләззат шегі - денемнен шыққан шу,
Дірілдеймін, күйдемін жұтқандай у.
Сыйладым рахат тек бір күндік,
Болар қайталанбас түн сендік.
Бірақ, енді күтпе үміт,
Іздеме, ертең мені ұмыт!
Ой қойшы жүрмей айнала,
Тағы да мені мазала!
Өзінше тәкаппар бала,
Таңға дейін мені жазала..