Текст песни
Тағдырымның жолында сен кезігіп,
Махаббаттың барын жүрмін сезініп.
Мың бір түнгі ертегідей ғажайып,
Күйде жүрмін сені ойлап көз іліп.
Естен кетпес сенің мөлдір жанарың,
Көзімді алмай қайта - қайта қарадым.
Махаббаттың тәтті мұңын сезіндім,
Бір көрдім де, бақытыма баладым.
Тәңір өзі жаратқандай мен үшін,
Мендік жүрек соғады тек сен үшін.
Күлкің қандай, сөзің балдай нәзігім,
Сезімімді алаулаған сен түсін.